$ 441.66  475.14  4.86

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: muftyat.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Пітір садақа