$ 482.86  533.17  5.08

Ерейментауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Қазір  өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Ақмола облысының Ерейментау қаласында «ПАЗ-3205» маркалы автобус өртеніп кетті. Оқиға аудандық прокуратура ғимаратының алдында болған.

Суыт оқиға таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Әзірге өрттің неден тұтанғаны анықталмапты.

«ПАЗ -3205» маркалы жекеменшік жолаушылар автобусы таңғы 07.38-де Абай Құнанбаев көшесі 142 үйдің алдында тұтанған. Өрт 8 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 07.53-те ауыздықтап, таңғы 08.03-те толықтай сөндірді. Абырой болғанда зардап шеккендер  жоқ», – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір  өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: Aіkyn.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары