16.03.2023, 17:20

Бокстан ӘЧ: Қазақ қызы алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді

Фото:olympic.kz
Азия чемпионатының жүлдегері Жазира тайбэйлік Чиа-Хсунь Чанмен жұдырықтасып, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың алғашқы күні күндізгі сессияда 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жазира Орақбаева рингке шықты.

Азия чемпионатының жүлдегері Жазира тайбэйлік Чиа-Хсунь Чанмен жұдырықтасып, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раунд басында төреші жекпе-жекті тоқтатып, Жазира Орақбаева айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Қазақстандық басқа боксшылар ертең рингке шығады.