$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілердің үшеуі ұсталып, қамауға алынды.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz. 

Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды.

Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің үшеуі ұсталып, қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары