$ 444.22  476.38  4.82

Павлодар облысында екі адам үсіп қайтыс болды

2 қаңтар күні Павлодар облыстық ТЖД құтқарушылары Баянауыл ауданы тұрығынының өлі денесін тапты деп жазады Informburo.kz. Марқұм өзге ер азаматпен бірге 31 желтоқсан күні Садырбай ауылынан көрші ауылға атпен шыққан екен.

Ауыл тұрғындарын іздеуге құтқарушылармен бірге әкімшілік қызметкерлері және полицейлер атсалысқан. Жоғалған екінші адам кеше Сұлужан ауылынан аман-есен табылды. Ал, екінші тұрғынның өлі денесін құтқарушылар сол күні түстен кейін тапқан. Марқұм ауылға жете алмай, небәрі бір жарым шақырымдай жер қалған кезде үсіп қайтыс болыпты.

Осы күні құтқарушылар үсіп қалған тағы бір адамның мәйітін тапты. Ақсу қаласына қарасты Спутник станциясынан 2 шақырым жерден табылған марқұм да осы өңіртің тумасы екен. Ол 1 қаңтар күні үйінен шығып, содан оралмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары