$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, Қаратал ауылына су кірді

Қазіргі кезде жергілікті атқарушы орган өкілдері тұрғындарды эвакуациялап жатыр.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, Қаратал ауылына су кірді. Қазір тұрғындар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында бұған дейін тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілді. Адамдар ауыл маңындағы бөгетті бекітіп, күзетшілікке тұрды. Алайда бүгін түстен кейін су бөгітті бұзып өтті.

«Оқиға орнына облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен облыстық ТЖД бастығы М.Аманбаев барды. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы орган өкілдері тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Олар Қаратал ауылындағы мектепке орналастырылды. Сонымен бірге бөгеттің бұзылған бөлігін бекіту жұмысы жүріп жатыр. Қала мен жақын маңдағы аудандардан төтенше джағдайлар қызметкерлері жұмылдырылды», - деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыс әкімінің баспасөз қызметі Ержан Байтанаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары