$ 487.37  532.94  5.09

Оралда саяжайдағы елуге жуық үйді су басты

Мұнда адамдар жыл бойы тұрады, балалары бар отбасылар бар.
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Белуарынан су астында қалған үйлер бар, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Қызыл су бірнеше күн бұрын "Ягодка", "Парус", "Вишневый сад", "Путеец" саяжайын басқан. Алдымен еріген қар суы "Путеец" және "Парус" саяжайларына келген. Тұрғындар өз күшімен құм дорбалармен тоқтатпақ болған. Алайда "Вишневый сад" және "Ягодка" саяжайлары су астында қалды. Жалпы елуге жуық үйді су басты.

"16 наурызда саяжайларды судан аман алып қалайық деп, барлық жергілікті тұрғынды жинап, бөгетке барып, сөмкелерге құм жинай бастадық. ТЖД қызметкерлері болды, бірақ бізге көмек көрсеткен жоқ. Мұнда адамдар жыл бойы тұрады, балалары бар отбасылар бар", - деді "Вишневый сад" саяжайының тұрғыны Наталья Борзикова.

Тұрғынның айтуынша, одан да көп су болуы мүмкін, 2011 жылы болған су тасқынынан тұрғындардың жүрегі шайлығып қалған. Ешкім мемлекеттен берілетін көмекке сенбейді.

"Осы аптада Деркөл және Шаған өзендері арналарынан асып кетті. "Ягодка" саяжайында 35 үй су астында қалды. Адамдар эвакуацияланды. Бүгінгі күні Деркөлдегі су деңгейі бірқалыпты. Біз күн сайын саяжай серіктестіктеріне барамыз. Су тасқыны қаупі бар жерлерде адамдар өз күшімен бөгеттерді нығайтып жатыр", - деді "Батыс Қазақстан бағбаншылар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Андрей Заозеров.

Спикердің айтуынша, 16 наурызда Шаған қаласында су деңгейі көтеріліп, "Путеец" саяжай қоғамында 15-ке жуық үйді су басқан. Сондай-ақ су басу қаупі төнген аймақта Самала ауданындағы "Бирюса", "Звездочка", "Энергетик" бау-бақша серіктестіктері бар. Су қоймаларынан алыс орналасқан саяжай қоғамдарын еріген қар суы басып жатыр, бірақ көп емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары