19.03.2023, 21:30

16 жастағы жасөспірім екі полицейді атып өлтірді

Фото: pixabay.com
Олар қалалық полиция қызметінде жұмыс істеген.

Полицияның екі қызметкері отбасылық жанжал кезінде оққа ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News арнасына сілтеме жасап.

Эдмонтон қаласы полициясының хабарлауынша, адам өліміне әкелген атысқа күдікті жасөспірім небәрі 16 жаста.

Полиция сонымен қатар жасөспірімнің өз-өзіне оқ атып қайтыс болғанын айтты.

Оның 55 жастағы анасына да оқ тиіп, ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қаза тапқан офицерлер - 35 жастағы Трэвис Джордан мен 30 жастағы Бретт Райан. Олар Эдмонтон қалалық полиция қызметінде жұмыс істеген.