19.03.2023, 22:30

Алматыда көлік көпірден ұшып кетті (видео)

фото: polisia.kz
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Алматының Алатау ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Көпірде Volkswagen мен Toyota соқтығысып, соның салдарынан көліктің бірі төменге құлап кетті, деп хабарлайды "ҚР ІІМ жаңалықтарының" Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, екі көлік те Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан.

"Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған", – дейді тәртіп сақшылары.

Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы болғандығы анықталды. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік көріністер бар