20.03.2023, 12:00

«Бір пакет ет»: Қайрат Нұртас концертінде тосын жайтқа тап болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр
Биыл оралдықтар хит болып жатырсыздар.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың концертінде тосын жайт болды. Кешке келген тыңдарман бір пакет ет алып келген. Концерт Оралда өткен, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы тұрғыны пакеттің ішіндегі бағалы сыйды әншіге тарту еткен. Видеодағы әйелдің айтуынша, ол - жылқы еті.

"Мынау - бағалы сыйлық. Айтайын енді. Мынау деген - өзіміздің Оралдың, Жайықтың суын ішіп, көк шөбін жеген жылқының сүрленген еті мен қазысы. Ақсоғым деген ауылдың еті. Менің замандастарым Нұртас пен Гүлзира ханымға. Алда 22 наурыз. Оралдың халқының атынан деп, Оралдың дәмі деп еске алып жерсіңдер. Мен саған гүл сыйлағанша, "гүлді сен маған сыйла" деп, ет сыйлап отырмын", - дейді видеодағы әйел.

Ал әнші гүл сыйлайтынын айтқан.

"Тоңазытқышқа салып қойыңдар. Мен сізге гүл сыйлаймын", - дейді әнші.

Желі қолданушылары бұл видеоға тек жағымды пікірлер жазған.

"Қандай күшті, үйге дейін жетсе екен сәлемдемесі", "Биыл оралдықтар хит болып жатсыздар", "Ең күшті сыйлық, ет дегенде бет бар ма?", "Нағыз қымбат сыйлық", - дейді пікір жазғандар.