$ 481.84  531.33  5.07

Мешіттерде жиналған қаражат қайда жұмсалады? – Бас мүфти жауабы

Қазақстанда қазір 2700-ден астам мешіт бар.
Фото: sunna.kz
Фото: sunna.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пітір садақадан мешіттерге жиналған ақша қайда жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы пітір садақасы әр мешітке жеке-жеке түседі. Бір жерге ғана түспейді ғой. Қазақстанда қазір 2700-ден астам мешіт бар. Тұрғындар өздері тұрып жатқан жердегі мешіттерге жеке-жеке береді. Әрине, бір қалаға немесе мешітке қатысты мәлімет керек болса, оның есебін көруге болады және сұраған адамдарға беруге де болады. Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы айтып кеткендей, түкен садақалар жыл бойы мұқтаж жандарға беріліп отырады», - деді Бас мүфти БАҚ кіөілінің сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ ол мешіттен көмек сұрап келген адамға жәрдем берілмейтін жайттар сирек кездесетінін, оның өзі қаржылық мүмкіндіктермен ғана байланысты екенін айтты.

«Әрине кей кезде жағдайлар болуы мүмкін. Кей мешіттерде мүмкіндігі болмай, қаражат мәселесі болуы мүмкін. Бірақ бұл өте аз. Өйткені біздегі әр мешіттің тізімі бар. Бір ауылдың мешіті болса, сол ауылдағы жағдайы төмен отбасылардың тізімі мешітте сақталады. Оларға уақтылы көмектер беріліп тұрады», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары