$ 490.84  536.88  5.04

Мәден Есхат: Парламенттік сайлау біраз ерекшеліктерімен болашаққа үміт сыйлады

Мәслихат — әр облыс пен қаладағы халықтың мүддесін қорғайтын жергілікті өкілдер органы.
Фото: sailaunews.kz
Фото: sailaunews.kz

UIB халықаралық қатынастар мамандығының магистранты, қоғамдық саяси ғылымдар Академиясы (ҚСҒА) жанындағы Жас сарапшылар платформасының қатысушысы Мәден Есхат Мәжіліс және мәслихат депуттарының кезектен тыс сайлауы туралы пікір білдірді.

Қайғылы қаңтар оқиғасынан кейін президент Қ.Тоқаев елімізде біраз саяси өзгеріс жасап жатқаны рас. Референдумның өткізуілуі, “Елбасы туралы” заңның өз күшін жоюы оң баға беруге лайықты деп ойлаймын. Парламенттік сайлау біраз ерекшеліктерімен үміт сыйлады: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конститутциялық заңға сәйкес пропорционалды-мажоритарлы жүйе бойынша үміткерлер сайлауға түсті.

Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша 609 кандидат тіркеліпті. Бір мандат үшін 21 үміткер таласты. Қазақстандағы осыған дейінгі сайлауда осыншалықты бәсекелестік болған жоқ. Бұл жағдай еліміздегі саяси жүйенің өзгеруінің алғашқы қадамы және ол позитивті деп бағалауға болады.

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына сыншыл ойлайтын, өз пікірін қорықпай айтып жүрген мемлекетшіл, жаңашыл, қоғам мен халық мүдделерін білетін және солар үшін күресетін азаматтарға қатысуына мүмкіндік берілді.

Облыстық мәслихаттарда 668 депутат сайлануда. Солардың тең жартысы бір мандаттық округтерінен, қалған жартысы партияның тізімімен сайлануда. Бұл жағдайды да жақсы құбылыс деп бағалауға болады.

Облыстық мәслихаттарда жекелеген партияларға тәуелсіз, өз пікірлері үшін өз еріктерімен күресетін депутаттар көп болады деген үміт күшті. Егер мәслихатқа сондай азаматтар сайланса, халықтың үні көшеде емес, жергілікті биліктің алдында айтылатыны анық.

Мәслихат — әр облыс пен қаладағы халықтың мүддесін қорғайтын жергілікті өкілдер органы. Мәслихат депутаттары жергілікті бюджетті бекітіп, оның қайда жұмсалғанын тексеріп, аймақты дамыту бағдарламасын жасап, негізгі және даму жоспарын бекітеді. Яғни олардың міндеті - халықтың мүддесін қорғау. Егер жергілікті билікті бақылайтын органның рөлі арта берсе, жергілікті билік үшін халық мүддесін қорғаушылардың пікірі маңызды бола береді және олармен санасатын болады. Бұл халықтың тікелей пайдасына әкеліп соғады.

Осы уақытқа дейін депутаттарды, әсіресе мәслихат депутатының мандатын айырғанды қойып, қалай шағымдану болатынын түсінбедік, бұл жайлы тіпті заңнамада шағым беру тәртібін қандай орган реттейтіні нақты көрсетілмеген. Ал енді өз уәдесін орындамаған, халық мүддесін қорғамаған депутатты орнынан алып тастауға болады, бұл биліктің бір ұшы халықтың қолында болады деген сөз. Халық сайлай алады және оны алып тастай алады. Бұл позитивті құбылыс.

Дереккөз: «NIKA group» кеңейтілген зерттеулер орталығы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары