$ 498.34  519.72  4.85

Астанада аудан әкімінің орынбасары ұсталды

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының баспасөз қызметі.

Бюроның Астана қаласы бойынша департаменті хабарлағандай, Р.Акчурин Астана әкімдігіне қарасты "Астана Тазалық" ЖШС-нің бас директоры А.Басқанбаевпен сыбайласып, "СБС-Снаб Сервис" және "Install Service Com" компанияларына қала көшелеріндегі қарды тазалауға және санитарлық тазалауға арналған мемлекеттік сатып алулар байқауын 2016 жылы заңсыз жеңгізіп берген және заңсыз пайдаға батқан.

Ведомство өкілдері мәлімдегендей, Р.Акчурин аталған компаниялардың мемлекеттік байқауда жеңуі үшін әкімдікте жұмыс істейтін қызметкерлерге пара берумен де айналысып келген. Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары