Ақтөбе облысындағы тасжолда болған жол апатының салдарынан жүргізуші қаза тапты деп хабарлады Polisia.kz.
«20 наурызда Самара-Шымкент тасжолында «ГАЗель» көлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «ГАЗель» көлігі өртеніп, 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады полициядағылар.
Қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.