$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда қарттарға арналған тегін демалыс орталығы ашылды

Біз қаламыздағы қарттарға белсенді өмір салтын ұстануға, оларға қолдау мен қамқорлық көрсетуге көмектескіміз келеді.

21 наурызда "Alma city" тұрғын үй кешенінің аумағында қарттарға арналған "Сенім" демалыс орталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл әлеуметтік жоба ерекше, өйткені "Qazaq Stroy" компаниясы кешенді құрылыс бағдарламасы аясында қарттардың мүдделерін ескере отырып осы жобаны жүзеге асырмақшы. Қазақстан Республикасы ресми түрде қарты көп елге жатады. Егде жастағы жандар халықтың 11% құрайды. "Азаматтарға арналған Үкімет" корпорациясының дерегі бойынша Алматы қаласы, зейнеткерлер саны бойынша Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарынан кейін көшбасшылар үштігін жабады.
 
Қарттарды жұмыспен қамту ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттырудың маңызды құрамдас бөлігі. Зейнетке шыққанан кейін үлкендер одан әрі дамуды қажетсіз деп санайды, ал бұл денсаулыққа, отбасылық келіспеушіліктерге және өмір сапасының нашарлауына әкеледі. Бір отбасыда әр түрлі буын өкілдері өмір сүргендіктен, түрлі көзқарастар кездеседі. Жастар бөлек шығып, ата-аналары өздері қалады, міне осылайша жалғызбасты қарттардың саны артып, қарым-қатынас тапшылығы мен әлеуметтену мәселелері басталады.
 
Бұл жоба қарттарды жұмыспен қамтуға, олардың дамуына және сауығуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, өздері қызығатын бағыттағы салаларды тегін үйренуге жол ашады.
«Сенім» демалыс орталығы тұрғын үй кешенінің аумағында орналасқандықтан, осы кешенде тұратын қарттарға үй аумағынан шықпай-ақ үйірмелерге бару ыңғайлы.
 
«Qazaq Stroy» компаниясы енді егде жастағы адамдар үшін басқа да тұрғын үйлерде осындай демалыс орталықтарын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл зейнетке шыққаннан кейін өмірдің жаңа мәдениетін қалыптастыруға, зейнеткерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, сол арқылы өмір сапасын жақсартуға және күрделі әлеуметтік мәселелерін азайтуға жола ашады.
 
«Qazaq Stroy» компаниясы үшін табысты құрылыс жасап қана қоймай, тұрғындарымыздың қызығушылықтарын да ескеру маңызды. Біз қаламыздағы қарттарға белсенді өмір салтын ұстануға, оларға қолдау мен қамқорлық көрсетуге көмектескіміз келеді. Бұл біздің алғашқы жобамыз, бірақ болашақта басқа да тұрғын үй кешендерінде осындай орталықтар ашуды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті «Qazaq Stroy» компаниясының Бас директоры Болат Ибрагимұлы.
 
«Сенім» демалыс орталығында төмендегідей үйірмелер бар: 
 
-Йога сауықтыру жүйесі;
-Бильярд;
-Үстел теннисі;
-Фитнес бағдарлама;
-Шахмат;
-Дойбы, домино, тоғыз құмалақ;
-Вокал студиясы;
-Караоке;
-Хор
-Музыкалық-театр үйірмесі. Актерлік шеберлікке үйрету;
-Компьютерлік сауаттылық және әлеуметтік желі;
-Отбасы психологиясы, менталды қабілеттілік.
 
Болашақта бұл бағдарлама сұраныстар мен өзектілікке қарай кеңейетін болады. Тәжірибе нәтижелеріне сүйенсек, қазірге таңда қарттарымыз ұзақ уақытқа дейін белсенді өмір сүреді. Мысал ретінде, "Сенім" демалыс орталығының ашылуына, зілтемір көтеру және бітімге тартудан Азия мен Қазақстанның қазіргі чемпионы 76 жастағы Казанцева Светлана Ивановна және өткен жылы әуесқойлар мен ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында жүзуден екі бірдей медаль жеңіп алып, сенсацияға айналған 61 жастағы мүмкіндігі шектеулі Чакер Смағұлов қатысады. Сондай-ақ, ашылуға қоғам қайраткері, "Аружанмен бой сергіту жаттығулары" спорттық бағдарламасының тұрақты жүргізушісі және "Мейірімділік" қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саин, бодибилдингтен Еуропа, Азия және Қазақстан әлем чемпионы, белгілі қоғам қайраткері және ірі спорттық іс-шаралардың идеялық шабыттандырушысы Уәлихан Тен қатысты.
 
"Қарттарды құрметтеу, бағалау өте маңызды. Сондықтан олардың уақыттарын пайдалы өткізуге көмектесу парызымыз. Біздің орталық қатысушыларымызға өмірден ләззат алуға және белсенді болуға көмектесетін түрлі іс - шаралар мен бағдарламаларды ұсынады", - деп толықтырды "Сенім" орталығының басқарушысы Гүлжан Нұртаева.
 
Ашылу аясында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті және қатысушыларға ұлттық тағамдар ұсынылды.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары