ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 наурыз күні сағат 22:47:30 жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 16.1. MPV магнитудасы – 7,8. Эпицентр координаттары – 37,00° солтүстікке қарай – 71,12° E. Тереңдігі – 120 км», – деп жазды «СОМЭ» ЖШС.
МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық, Алматы, Түркістан, Қызылорда аймақтарында 2 балдық деңгейде сезілді.