$ 449.58  486.94  4.86

Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазгидромет 22 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары