Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына 9 қазақстандық боксшы өтті, деп хабарлайды bassport.kz.
Кеше жарыс жолына шыққан бес боксшының төртеуі келесі кезеңге өтті. Тек 63 келіге дейін салмақтағы Аида Әбікеева қытайлық Ченьгю Янға есе жіберді. Оның алдында Назым Қызайбай мен Жазира Орақбаева бірінші айналымнан кейін чемпионатпен қоштасқан.
Ширек финалға шыққандардың қатарында Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Мәдина Нұршаева, Карина Ибрагимова, Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Надежда Рябец, Ләззат Күнгейбаева, Фариза Солтай бар.