Ресейдің бұрынғы депутаты Семен Багдасаров Түркияның жер сілкісінен болған дағдарысты пайдаланып, Стамбул қаласын басып алуға шақырды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Түрік пен түркіде ортақ не бар? Айнаға қарасын, ештеңе жоқ. Түрік, қазақ, қырғыз, якутты байланыстыратын ештеңе де жоқ. Бұл менің қытайлық екенімді айтқаным сияқты. Біз тарихи тұрғыдан бізге тиесілі нәрсені (ред. Стамбулды) - Константинопольді мемлекетіміздің құрамына қайтарамыз!", - Ресейдің бұрынғы депутат аумақтық талаптардың әділдігін дәлелдеуге тырысты.
"Дағдарыс? Құдайға шүкір, дағдарыс. Дағдарыс аумақтардың күйреуімен және бізге қосылуымен аяқталуы тиіс", - деп түйіндеді Багдасаров.