23.03.2023, 01:30

Елімізде алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады

Фото: TSN.ua
Республика бойынша тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, күн ашық және бір қалыпты жылы ауа райы сақталады. Тек солтүстікте және солтүстік-батыста 23 наурызда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон ойпатының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен солтүстік-батыста жел күшейеді.