$ 494.87  520.65  4.91

Із-түзсіз жоғалған үш баланың анасы 10 күннен кейін табылды

Ол наурыздың 12-сінде сағат 23:00 жұмыстан шығып, үйіне оралмаған.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған үш баланың анасы 10 күннен кейін табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы Марияның жоғалғаны туралы наурыздың 20-да күйеуі Қосшы қаласындағы полиция бөлімшесіне хабарлап айтқан. Ол наурыздың 12-сінде сағат 23:00 жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Үйінде үш баласы қалған.

«Криминалдық полиция қызметкерлері мен өзге де қызметтер бірлесіп, іздестіру шараларын қолға алды. Жоғалған әйелдің таныстары мен туыстарынан сұрап білді. Соның нәтижесінде наурыздың 22-сінде әйелдің Қосшы қаласындағы «Лесная поляна» тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері бұл әйелді кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана ретінде профилактикалық есепке және бақылауға алды», – деді ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары