$ 481.84  531.33  5.07

Балаларға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти жауап берді

Маман ораза кезінде ауыз бекітіп, кейін соның салдарынан бала әлсіреп, мектепте ұйықтап қалса, сабағы нашарлайтын болса балағат жасқа толмағандықтан бұл дұрыс болмайтынын алға тартты.
Видеодан кадр. Qasqa Jol Youtube арнасы
Видеодан кадр. Qasqa Jol Youtube арнасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы балалардың ораза ұстауына қатысты пікір айтты. Сөзінше, балағат жасына жетпеген балаларға ораза міндетті емес, ал ұстауға қызыққан жасөспірімдерді жазалау да дұрыс болмайды екен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qasqa Jol Youtube арнасына сілтеме жасап. 

Бас мүфти ата-аналар мен қоғам арасындағы екіге жарылған пікірге тоқтала кетті. Сөзінше шариғатымызда балағат жасына толған, ақыл есі дұрыс, дені сау адамға ораза ұстау міндеттелген. 

“Балалар егер балиғат жасына толмаған болса, шариғатымыз оларға ораза ұстауды міндеттемейді. Егер бала ораза ұстағысы келсе, ол оның денсаулығына еш қауіпін тигізбесе, басқа да қиыншылықтар туындатпайтын болса, оны ораза ұстадың деп жазалау да дұрыс емес. Бұл жерде түсіністік керек”, –деді имам. 

Маман ораза кезінде ауыз бекітіп, кейін соның салдарынан бала әлсіреп, мектепте ұйықтап қалса, сабағы нашарлайтын болса балағат жасқа толмағандықтан бұл дұрыс болмайтынын алға тартты.

Осы тұста ол өзінің де 10 жастан бастап ораза ұстағанын тілге тиек етіп, бастысы ораза мен намаздың біреуге көрсету үшін жасалатын құлшылық емес екенін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары