$ 481.84  531.33  5.07

Шымкентте 5 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

Бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр, комада жатыр.
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Шымкентте үйде ата-анасының қарауынсыз қалған 5 жасар қыз төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.

Оқыс оқиға 23 наурызда күндізгі уақытта Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданына қарасты 16 ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілді. Жағдайы өте ауыр.

«Қазіргі таңда қыз балаға ота жасалды, ол комада, әлі есін жимады. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар», – деп атап өтті Шымкент қаласы ТЖД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары