$ 447.4  477.55  4.76

«Бізге қарағанда жастарға қолдау көрсеткен дұрыс» - Шавкат Рахмонов

Біреуден сыйлық күтпейміз, спортта ол үшін жүргеніміз жоқ.
Фото:instagram.com/shavkatrakhmonov94
Фото:instagram.com/shavkatrakhmonov94

Жақында Лас-Вегаста өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жеткен отандасымыз Шавкат Рахмонов қаржылық жағдайы жақсарғанын, сондықтан ешкімнен қолдау күтпейтінін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол Jibek Joly телеарнасындағы Нұрлан Қоянбаев жүргізетін «Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа барған болатын.

«Америкада қазақтың көк туын желбірету, қазақ тілінде сөз сөйлеу мен үшін үлкен бақыт әрі шабыттандырады. Арманым - UFC белбеуін Қазақстанға әкелу. Құдай бұйыртса оны да елге әкелеміз. Соңғы қарсыласым UFC-дің үздік ондығына кірген Джефф Нил болды. Шынын айту керек, жекпе-жек барысында екеуімсіз де шаршадық. Екеуіміз де біраз соққы өткіздік. Нәтижесінде қылқындыру әдісімен жеңдім. Қазір мен әлем бойынша UFC-дің үздік ондығында алтыншы орында тұрмын», - деді Шавкат Рахмонов.

Соңғы кездері әлеуметтік желіде көп сөз болған қолдауға қатысты да пікір білдірді. Өйткені жеңісті жолда келе жатқан спортшыны дұрыстап күтіп алмағанына наразы болғандар да бар еді.

«Сыйламаса да ризамыз, шын жүректен қолдау білдірсе болғаны. Біреуден сыйлық күтпейміз, спортта ол үшін жүргеніміз жоқ. Тапқан табысымыз да жетеді. Бізден гөрі жастарымызға көмек қажет. Әзірге табысымыз өзімізге жетеді. Соңғы жекпе-жегімде тапқан табысым 200 мың доллардан асады. Қолымыздан келгенше ақшаны сыртқа шығармай елге әкеліп жатырыз», - деді аралас жекпе-жек шебері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары