$ 444.22  476.38  4.82

Даниялық футболшы Қазақстанмен ойын алдында Астанадағы көгалды сынға алды

Бұл өте қорқынышты.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Дания құрамасының шабуылшысы Мартин Брайтуэйт 26 наурыз күні даниялықтар Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын "Астана Аренадағы" жасанды көгалды сынға алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Брайтвейттің айтуынша, жасанды көгал қонақтарға ыңғайсыз. 
"Бұл өте қорқынышты. Жасанды шөпте ойнау заңды болмауы керек. Ол денеге ауыр тиеді және жасанды шөптің үстінде ауысып, жүгіру қиын. Бірақ біз сонда да шығып, жеңіске жетуіміз керек", - деді ол.

Еске салайық, Еуро-2024 іріктеу кезеңінің бастапқы кезеңінде Қазақстан құрамасы Словениядан ұтылып (1:2), Дания құрамасы Финляндияны (3:1) ұтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары