$ 498.51  522.84  4.81

Қостанай облысында жолдың бір бөлігін су шайып кетті

Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды.
Фото: Қостанай ТЖД
Фото: Қостанай ТЖД

Қостанай облысында «Торғай - Шилі - Аралкөл» тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«26 наурыз күні «Торғай - Шилі - Аралкөл» автожолы жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Шайылған жолға ең жақын елдімекен 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Сол арадан жылыну орны ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары