Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Астана қаласының біріккен мұражайлар дирекциясы» МКҚК-нің 9,5 млн теңгеге макеттерді дайындауға және қалпына келтіруге жалған шарт жасасқанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоның аудиторлық іс-шарасы барысында кәсіпорын басшылығының мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдерін елемегені белгілі болды.
Осы Шарт бойынша жалған орындаушының өтінішіне сәйкес, соңғысы онымен шарт жасалғанын білмеген және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға болмаған. Ол досына оның өтініші бойынша біраз уақыт банк картасын береді. Уақыт өте келе жалған орындаушы өзінің шоты арқылы шамамен 10 млн теңгенің операциясы жүргізілгенін біледі.
«Визуалды тексеру кезінде макеттер әлі де кәсіпорында екені анықталды, бірақ арзан материалдардан кімнің сапасыз жасағаны белгісіз. Алайда егер макеттердің шығу тегі белгісіз болса, онда оларды қалпына келтіруді штаттық қызметкерлер (қалпына келтірушілер) жүзеге асыратын болған, бұл туралы цех қызметкерлерінің өздері жазбаша түрде мәлімдеді», - делінген департамент хабарламасында.
Біріккен мұражайлар дирекциясы макеттерді дайындауға және қалпына келтіру бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алмайтын жеке тұлғалармен басқа да шарттар жасасқан. Осы шарттар бойынша аудиторлық дәлелдемелер әлі де жиналып жатыр. Келісімшарттағы орындаушылар басқа облыстың шалғайдағы ауылдық елдімекендерінде тұратындықтан, сонымен қатар олардың кейбіреуі егде жаста болғандықтан, мәселе күрделене түсіп отыр.
Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісі төлем тапсырмаларын берудің заңдылығы мен негізділігі, жасалған операциялардың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді және жауапты болады.
«Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді», - делінген хабарламада.