$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жасөспірім газдан уланып, көз жұмды

Оны ағасы ауыр халде ауруханаға жеткізген.
Фото: ujnosahalinsk.bezformata.com
Фото: ujnosahalinsk.bezformata.com

Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінде 15 жастағы жасөспірім газдан уланып, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

Оны ағасы ауыр халде ауруханаға жеткізген. Алдын ала болжам бойынша жасөспірім көміртегі тотығымен уланған.

«Қайғылы оқиға 26 наурыз күні кешке Ерімбетов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жеткен жедел топ бірқатар бұзушылықтарды анықтады: лоджияға газ плитасы мен су жылытқышы қойылған. Лездік су жылытқышының мұржасы қабырға деңгейінде көшеге шығарылған және полиэтилен пакетімен тығындалған. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары