Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Елена Рыбакина дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенспен ойнады. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына өтті. Айта кетейік, бұл - Елена Рыбакинаның қатарынан 11-жеңісі.
Енді ол турнирдің келесі кезеңінде дүниежүзінің 25-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнайды.