$ 494.87  520.65  4.91

Астанада ауыз су тапшылығы туындады

Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалып отыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Елордада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Астана Су Арнасы» МКК мәліметінше, қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалып отыр.

«Компания су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр.

04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары режимде болады,

09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысымда

12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысымда

14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысымда

18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысымда

00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысымда» делінген хабарламада.

Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзу стансасы іске қосылғанға дейін қабылданады. Сорғы-сүзгі станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Оның қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метрді құрайды.

Жаңа ССС құрылысы жазда аяқталмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары