$ 489.06  536.21  5.05

Ақылы жолдардағы камералар жылдамдықты тіркеуді бастайды

Бүгінде елде 2200 шақырым ақылы жол бар.
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінде орнатылған камералар жылдамдық шегін бекіту үшін пайдаланылмақ. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бековтың айтуынша, бүгінде елде 2200 шақырым ақылы жол бар, оларға ақша жинауды қамтамасыз ету үшін арнайы камералар орнатылған.

"Енді жылдамдықты өлшеу үшін осы камераларды қолдануды жоспарлап отырмыз. Біз оларды (Ішкі істер министрлігі жүйесімен – еск.) қосқымыз келеді және олар қозғалыстағы көліктердің жылдамдығын жібереді", - деді шенеунік.

Бековтың айтуынша, бүгінде камералар Астана-Бурабай тасжолында жылдамдықты шамадан тыс асырып жатқанын тіркеп, жүргізушілерге айыппұлдар түсіп жатыр. 2030 жылға дейін жылдамдықты бұзу автоматты түрде тіркелетін республикалық маңызы бар 11 мың шақырым жолды ақылы ету жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары