Жедел басқару орталығының “102” пультіне елорданың 44 жастағы тұрғыны хабарласып, оның үйін күндізгі уақытта тонап кеткені туралы айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мән-жайларды анықтау барысында, Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің полицейлері Түркістан облысының 27 жастағы тұрғынының Мойнақ көшесінде үй сатылады деген жазуды байқағанын анықтады. Қылмыстық ниетпен ол алдымен үй иелері мен күзетілетін иттің бар-жоғын тексерген, содан кейін қоршаудан секіріп кіріп, ас үйдің пластикалық терезесін бұзу арқылы үй-жайға кірген. Ұры зергерлік бұйымдар мен әр түрлі валютадағы ақша – 4 мың доллар, 300 мың рубль және 270 мың теңгені қолды қылған.
Жалпы шығын сомасы 4,2 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, бейнебақылау камералары арқылыкүдіктінің Артем СҮ ауданына келгені тіркелді. Онда ол алтын зергерлік бұйымдарды ломбардтардың біріне өткізген. Сондай-ақ ұрланған ақшаға ол ВАЗ 2114 маркалы автокөлік сатып алғаны анықталды. Кешенді іс-шараларды өткізу барысында жедел уәкілдер ер адамның жеке басын анықтады. Жеке тінту кезінде одан қолма-қол ақша тәркіленді.
Ұрлық фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ер адам осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол УҰИ-ға қамалды, – деді Сарыарқа АПБ ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Жалғас Әбшекенов.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, сапалы есік құлыптарын орнатуға және жеке үйлердің қақпаларын ашық қалдырмауға ескертеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.