Әрбір халық өзінің дәстүр-салтымен, жазылмаған заңдарымен танымал. Олардың арасында бүгінге дейін сақталып, қазақ қоғамында қолданылып келе жатқан түрлері бар. Алайда, ұмыт бола бастаған немесе мүлдем қолданыстан шығып қалғандары да жоқ емес. Бүгінгі материалда қазақтың ұмыт қалған дәстүр түрлеріне тоқталамыз. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат агенттігі жазды.
Құрсақ той
Қазақ отбасында жүктіліктің басталғаны туралы жаңалық асқан қуанышпен хабарланады. Әулеттің анасы келінінің бойындағы жағымды өзгерістерге анық көз жеткізген соң, «Ақ келіннің құрсағы ақ айранға толыпты» деп туыстары мен көршілерін мерекелік дастарханға шақырады. Қуанышты оқиғаның құрметіне арнайы қой сойылған. Қонақтар отбасын қуанышты оқиғамен құттықтап, болашақ анаға игі тілек тілейді, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер береді. Мерекеден кейін жүкті әйелге бүкіл әлем қамқорлық жасай бастайды. Егер ауылдағы бір үйде дәмді тағам жасалса, дастарханға жас ананы міндетті түрде қонаққа шақыратын болған немесе оған сыйлық беріп жіберіп отыру міндет саналған.
Жарысқазан
Қазақ әйелдері босанарда арқанға немесе бауға ілініп тұрып босанатын болған. Бұл үшін көген жиі қолданылған. Көген әдетте киіз үйдің ішіне оңнан солға қарай тартып байланатын жіп. Жүкті әйелдің толғаны жиілеген кезде, жақын туыстарының бірі тез дайындалатын тағамдардың бірін дайындауға дереу кіріседі. Ол үшін әйел қолына пышақ алып, қазанның шетіне қайрап: «Қара қазан бұрын пісе ме, қара қатын бұрын туа ма?», деп қатты дауыстайтын болған. Сонымен қатар, ол не істесе де, мүмкіндігінше қатты тарсылдатып жасауға тырысқан. Ондағы мақсат – босанып жатқан әйелдің ащы дауысын жасыру. Ал, бала аман-есен дүниеге келгеннен кейін, баланың мойнын күшейту үшін қойдың мойын омыртқасын ең биік жерге іліп қоятын болған. Ер баланың кіндігі аттың жалына байланған, ал қыз баланың кіндігі сандықтың түбіне жасырылған.
Көтендестіру
Бұл көбіне үлкен отбасында қайын енесі мен келіні немесе әулеттің бірнеше келіні бір уақытта босанатын кездерде жасалатын дәстүр. Әдет-ғұрып бойынша, олар балалары дүниеге келген сәттен бастап қырық күн өткенге дейін бір-бірін көрмеуі керек. Егер дәстүр сақталмаса, жаңа туған нәрестелер қышыма ауруына шалдығуы мүмкін деп есептелген. Сондықтан босанған әйелдер арада біраз уақыт өткеннен кейін ғана кездесетін болған. Ол үшін әулеттің келіндерінің бірі екі босанған әйелді қонаққа шақырып, оларға алғашқы кездесу көтендестіру рәсімін (бөкселерімен соқтығысу) ұйымдастырады. Салт бойынша қонаққа келген екі әйел өздерімен бірге сарқыт салынған түйіншек ала келуі керек. Үйдің иесі бірінші болып келген келіншекті төрге шығарып, қабырғаға қаратып отырғызады, екінші келген әйел төрдегі әйелге арқасын беріп отырады. Содан кейін, үй иесінің шартты сигналы бойынша, олар қолдарындағы түйіншектерін оң аяқтарының астынан өткізіп, алмасатын болған. Кейін тәттілерден дәм татқан соң ғана бұрылып, амандасады.
Өгізге теріс мінгізу
Киіз үйдің ішінде әйелдер құдаларды жасырынып күтіп тұрады да, қонақтар кіре бергенде оларға тұра жүгіріп, ұн лақтырған, беттеріне қаймаққа сұйылтылған күйе немесе шалшықтан алынған балшық жағуға тырысқан. Сәл ойын-сауық құрғаннан кейін үсті-басын ретке келтіруге көмектесіп, құдаларды құрметті орынға отырғызған. Құда-жекжатты сынау мұнымен тоқтамаған. Дастархан басында келіншектер қонақтарға түрлі сұрақтар қойып, жұмбақ жасырған немесе жаңылтпаш айтқызған. Құданы барынша шатастыру мақсатында оның сөзін бөле беріп, болмашы сұрақтар қоя бастаған. Егер қонақ мүдіріп қалар болса, оны дереу сыртқа алып шығып, төбесінен шелек су құйған. Егер құда сараң болып шықса, онда мойнына арқан іліп, ауыл арасымен жүргізген. Ал, кейбір жақпаған қонақтың басына қалыңдықтың сәукелесін кигізіп, өгізге теріс отырғызып, сайын далаға қуып жіберген. Ал өздері оның ер тоқымда ыңғайсыз селкілдеп бара жатқанын көріп, күлкіге батқан.
Кемпір өлді
Тағы бір қызықты дәстүр «Кемпір өлді!». Бұл – қалыңдық ауылындағы әйелдердің бірінің ойдан шығарылған өлімі. Ол үшін күйеу жігіттің көз алдында кемпірлердің бірі жерге сұлап түседі де, қайтыс болған адамды бейнелеген кейіп танытады. Мұны көрген өзге әйелдер қолдарын жоғары көтеріп, «Ойбай! Кемпір өлді!», деп қатты жылай бастайды. Бірақ «өлген» кемпірдің қолына қандай да бір сыйлық салса болды, ол түк болмағандай орнынан атып тұратын болған. Әрине, кемпірді «тірілтпес бұрын» күйеу жігіт немесе оның жанындағы жолдасы кемпірдің шынымен қайтыс болғанына көз жеткізу мақсатында, оның бетіне қарап, қолын тартып, көтеріп, шымшып, қытықтап, кемпірді тұрғызуға барынша әрекет жасайды. Жалпы, «Кемпір өлді!» дәстүрі бұл тойда біреу кенеттен қайтыс болмасын деген ниетпен жасалатын ерекше тілек.