Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Amanat партиясы атынан Астана қалалық мәслихатына депутат болып сайланды. Бұл туралы журналист instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін Астана қаласы маслихатының депутаттар тізімінен өз атымды көру бұйырыпты. Қуанышыма ортақтасып жатқан барлық жанға көп-көп рақмет.
Алла сәтін салса, ойда жүрген көп іс-шараларды жүзеге асырып, халыққа титтей де болсын пайдам тию үшін қолымнан келгенін жасаймын. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз – мен үшін қашанда маңызды!», – деп жазды ол.