29.03.2023, 10:00

Инчхон әуежайында қашып кеткен қазақстандық полицияға өз еркімен берілді

Фото: Azattyq Ruhy
ҚР Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және барлық отандастарымызға қажетті консулдықты-құқықтық көмек көрсетеді.

Корея Республикасының Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кетіп, іздеуде болған екінші қазақстандық табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың Корея Республикасының тәртіп сақшыларына өз еркімен берілгенін мәлімдеді.

«Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде жүрген Қазақстанның екінші азаматы өз еркімен корей полициясына берілді. ҚР Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және барлық отандастарымызға қажетті консулдықты-құқықтық көмек көрсетеді», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырды және жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды.