$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде төлқұжаттарда саусақ іздері пайда болады

Құжат 13 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

ІІМ ҚР азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеудің, ауыстырудың және жоюдың жаңа қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар – мемлекеттің меншігі және ол келесі деректерді қамтиды:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
Туған күні мен жері;
Жынысы;
Ұлты;
Азаматтығы;
Фотосурет;
Құжатты берген органның атауы;
Құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі;
Құжат иесінің қолы;
Жеке сәйкестендіру нөмірі;

"Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңда белгіленгендей 16 жасқа толған құжат иесінің саусақ іздері.
Кей жағдайда 12-16 жастағылардың құжатына саусақ іздері талап етіледі.

Құжат 13 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары