$ 498.34  519.72  4.85

Ақтау тұрғыны көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды

Қозғалыс кезінде оның жүрек талмасы ұстап қалған.
фото: pixabay
фото: pixabay

Ақтауда көлік жүргізіп келе жатқан азамат жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 30 наурыз күні сағат 09:45 шамасында болған.

3 Б шағынауданында «Chevrolet Cruze» автокөлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған «Chevrolet Lacetti» көлігіне соқтығысқан.

«Анықталғандай,»Chevrolet Cruze«жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, жол-көлік оқиғасына жол берген. Алдын ала болжам бойынша, қозғалыс кезінде оның жүрек талмасы ұстап қалған. Жүргізуші сол жерде қайтыс болды», - делінген баспасөз мәліметінде.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары