Оған таяуда екі қазақстандықтың Инчхон әуежайынан қашқаны себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бұл жастарымыздың жасаған қылмыстары Кореяда қоғамдық резонанс тудырды 2 күннің ішінде 23 отандасымызды қазақстандық болғаны үшін завод бастықтарын жұмыстан шығарып жіберген. Бұл тұралы отандастарымыз @korea_komek ватсап желісіне хабарлады», - деп жазады @korea_komek парақшасы.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі ұсталғаны хабарланған болатын. Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады. Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.