31.03.2023, 11:40

Көлік салығын төлеу мерзімі 3 күннен соң аяқталады

Фото: pixabay
2023 жылғы 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Алайда, биыл 1 сәуір демалыс күніне сәйкес келген соң, төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

2023 жылғы 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

Төленбеген 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш (3 450 теңге) мөлшерінен артық салық берешектері бойынша салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң салық органы салық бұйрығын шығарады.

Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі.