$ 444.32  473.33  4.76

Астанада мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлер сотталды

Олардың бәрі мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Фото: Әбілқасым Есентаев
Фото: Әбілқасым Есентаев

Астана қаласында кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, «Байқоңыр» ауданының №2 сотында «Евраскон» ААҚ (Әзірбайжан Республикасы) компаниясының өкілдері З. Исмиевке, Г. Гадировқа және «Аймереке» ЖШС директоры А. Байкенжеге қатысты істі қарау аяқталды.

Олар мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын қайта қарағаны үшін Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына пара берді деп күдіктеледі.

«Осы жылғы 27 наурыздағы сот үкімімен аталған адамдар пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар пара беруге итермелегені үшін Б. Керейтбаев пен Г. Шөкенов кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ аталған топта бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Астана қаласы бойынша ІМАД маманы Д. Төлеубаев кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген Антикор хабарламасында.

Аталған адамдардың бәрі мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылды.

«Сот тергеу әрекеттерін жүргізуге белсенді кедергі келтірген Д.К. Төлеубаевтың туысы – А.А. Әкімбаевты (теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы жедел полиция қызметкері) кінәлі деп таныды. Ол билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық жасап, жемқорлық қылмыстарын жасауда айыпталушыларды айыптайтын заттай дәлелдемелерді жасырған. Сот оның бостандығын 2 жыл 6 айға шектеді», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары