Павлодарда оқушыны екі рет көлік қағып кете жаздаған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видеолардың бірінде жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген. Екі жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды жолдан өткізбеген, алайда қыз екі рет көлік қағуынан аман қалды.
"Жаяу жүргіншіге мүмкіндік бермегені үшін Hyundai Accent көлігінің 36 жастағы жүргізушісі және Volkswagen Touran көлігінің 56 жастағы жүргізушісі ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 600-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген полиция хабарламасында.