31 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі Франция президентінің арнайы өкілінің Қазақстанға сапары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Франция Президентінің Арнаулы өкілі Изабель Дюмон 6 сәуір күні Қазақстанға сапармен келеді, - делінген ресми ақпаратта.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Изабель Дюмонмен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
2022 жылғы қарашаның соңында Тоқаев Францияға жұмыс сапарымен барып, президент Эммануэль Макронмен кездесті.