Қазақстандық ауыр атлет Никита Әбдірахманов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Албаниядағы турнирде спортшы 102 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 369 (164+205) келіні бағындарды.
Еске салайық, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне 57 елден 268 спортшы қатысып жатыр.