$ 446.49  475.38  4.79

Асхат Тағыбергеннің голы Еуро-2024 іріктеу турнирінің үздік голы атанды

Каспер Шмейхельдің қақпасына алыстан соққан керемет голын лайықты бағалады.
фото: BO AMSTRUP/Ritzau Scanpix/AFP via Getty Images
фото: BO AMSTRUP/Ritzau Scanpix/AFP via Getty Images

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Еуро-2024 іріктеу турнирінің екінші турындағы үздік голдың авторы атанды.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты ресми аккаунтында Асхат Тағыбергеннің іріктеу сатысы екінші турында Данияға қарсы ойында Каспер Шмейхельдің қақпасына алыстан соққан керемет голын лайықты бағалады.

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінің H тобында 3 ұпаймен төртінші орында тұр. Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары