01.04.2023, 20:30

Жетісу облысында қазандық жарылып, жұмысшы қаза тапты

Фото: Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Марқұм жұмысшының 53 жаста екені, артында бес баласы қалғаны туралы да айтылады.

Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2023 жылы 1 сәуірде сағат 08:52 уақытында Көксу ауданының Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метрді құрайтын қазандық жарылып, жазатайым оқиға орын алды. Бір жұмысшы қаза тапты. Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталуда», - делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ марқұм жұмысшының 53 жаста екені, артында бес баласы қалғаны туралы да айтылады.