Жаңалықтар 01.04.2023 сағат 21:30

«Астанада эскалатор құлады»: Оқиғаның видеосы тарады (ВИДЕО)

Бұл уақытта оның үстінде 20-ға жуық адам болған.
«Астанада эскалатор құлады»: Оқиғаның видеосы тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанадағы "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығында экскалатордың құлаған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желіде "Сарыарқа" сауда орталығында орнатылған бейнебақылау камераларының кадрлары тарап жатыр. Видеода эскалатордың кенеттен жылдамдығын күрт арттырған сәті бейнеленген. Бұл уақытта оның үстінде 20-ға жуық адам болған. 
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов, төтенше жағдайдан екі ересек адам мен бір бала жеңіл жарақат алғанын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар