2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентаудағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Өрттің ауданы - 4 шаршы метр.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.
Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт сағат 22.11-де ауыздықталып, сағат 22.30-да сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталып жатыр.