02.04.2023, 21:30

Алматыда тағы да жер сілкінді

Фото: turkystan.kz
Жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мамандары Алматыдан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінгенін хабарлады.

Кезекші оператордың хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.

«Эпиорталығы Алматыдан 17 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.2. MPV магнитудасы – 3.6. Эпиорталық координаттары – 43.07° с.е. және 76.81° ш.б. Тереңдігі – 10 км. МSК-64 бағаны бойынша Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды», – делінген хабарламада.