Жетісу облысында 8-сынып оқушыларын жезөкшелікке мәжбүрлеген жеңгетай ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде осындай мәліме келтірді.
«Жетісу облысында кәмелетке толмаған екі қызды тоғыз ай бойы алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 1993 жылы туған әйел анықталды. Жәбірленушілер 2008 жылы туған, 8-сынып оқушылары», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Айтуынша, күдікті қыздардың қызметінен түскен табысты жеке дара иемденіп отырған.
«Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) және 309-бабының 2-бөлігі (жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді министрлік өкілі.