$ 444.32  473.33  4.76

Шымкенттегі мейрамханада адам атып өлтірді деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкенттегі "Кәмшат" мейрамханасының алдында адам атып өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті деп хабарлайды КТК телеарнасы. Алайда, қылмыс құралы әзірге табылмапты. 25 жастағы жігітті полицейлер үйінен таппай, қаланың басқа аумағынан қолға түсірген.

Қанды қылмыс қаланың қақ ортасындаңы мейрамханада орын алған еді. Куәгерлердің айтуынша, дәмханада отырған екі топ арасында ерегіс туындаған. Ғимараттан шыға бере жұдырық сілтескен жігіттердің бірі қарумен бірнеше мәрте оқ атыпты. Соның салдарынан 30 жастағы Бауыржан есімді Шымкент тұрғыны көз жұмды. Ғаламторда жарияланған видеода дәрігерлердің марқұмды ажалдан алып қалу үшін жанталасып жатқан сәті түсірілген. Ал, сол жердегі өзге де адамдардың сөзінен жігіттің дәрігерлер келгенше жан тапсырғаны байқалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары